$ 441.58  480  4.86

Ішімдікке тойып алған ер адам полиция бөлімшесінде тырдай жалаңаш шешініп тастады (ВИДЕО)

Ресейде ішімдікке тойып алған ер адам полиция бөлімшесінде тырдай жалаңаш шешініп тастады. Видео Mash Telegram-парақшасында жарияланды.

Жергілікті полиция қызметкерлері ер адамды көшеде ішімдік ішіп, тәртіп бұзғаны үшін тұтқындаған. Бөлімшеде тырдай жалаңаш шешініп, полицейдің тапаншасын тартып алмақ болған тұрғынды полицейлер байлап ұстауына тура келген.

Видеода ер адам «Аяқ-қолымды шешсеңдер бұзық болмайын. Қолыңды берші, патшаға»  деп аузына келгенін айтып сандырақтайды.

Ер азамат құқық қорғаушыларға тіл тигізгені үшін РФ ҚК-нің 319 бабы бойынша жауапқа тартылады. Дәл қазір ол токсиколог дәрігердің қабылдауында.   

Дереккөз: Life.ru

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары