$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттік кәсіпкер адамдарды "кепілге алып", қомақты қаржы мен ұшақ талап етті

Шымкентте адамдарды "кепілге алып", ұшақ пен түрмеден кінәсіз адамдарды шығаруды талап еткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі қалалық ІІБ төрағасы Данияр Мейірханға сілтеме жасап.

Ер адамды ұстауға арналған арнайы операция бір жарым сағатқа созылды. Операция ОҚО ІІД басшысы Асқар Оспановтың жеке басшылығымен жүргізілді. Түнгі сағат 11.30 шамасында ҚР ҰҚКД Оңтүстік Қазақстан облыстық кезекші бөліміне белгісіз ер адам хабарласқан. Ол Шымкентте бес қабатты үйлердің бірінде бірнеше адамды кепілдікте ұстап отырғанын, жарылғыш зат қойғанын, сонымен қатар ҚР ҰҚКД қызметкерлерінің бірімен сөйлескісі келетінін айтты. оқиға орнына құқық қорғау органдары, ТЖД қызметкерлері мен "Арлан" арнайы жасағы барған.

Үй мен оның аумағындағы 200 метр болатын жер қоршауға алынды, көлік қозғалысына шектеу қойылды. Аталған үйдің 347 тұрғыны және "Орбита", "Таран" дәмханалары мен екі шағынмаркеттің қызметкерлері эвакуацяланды. Сонымен қатар, операция аяқталғанға дейін барлық коммуникация (газ, су, электр энергиясы) істен шығарылды. Телефон соғылған номер арқылы "телефон лаңкесінің" аты-жөні анықталды. Ол 1963 жылы туылған жергілікті кәсіпкер болып шықты.

Ер адам 100 мың АҚШ долларын қолма-қол, 200 миллион теңгені шотына аударуды талап еткен. Сонымен қатар, ол ИЛ-62 М ұшағы мен түрмеден кінәсіз үш адамды босатуды сұрады. Келіссөз кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлері ер адамның жарылғыш зат қойылды деген ғимаратқа қарама-қарсы жерде отырғаны белгілі болды. Қызметкерлер ер адамды далаға алдап шығарып, сол жерде ұстады.

Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторында отыр. ҚР ҚК 273-бабы "Лаңкестік әрекет туралы жалған хабарлама беру" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары