$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте осыдан 2 жыл бұрын ұсталған полицей әліге дейін тергеу абақтысында жатыр

Шымкентте осыдан екі жыл бұрын қамалған полиция полковнигінің жақын туыстары «қамауда ұстау мерзімі өтіп кетсе де, тергеушілер істі аяқтап, сотқа жолдар емес» деп шу көтерді. Сөздерінше, бұл Конституция талаптарына қайшы. Осы себепті олар істі Бас прокуратура назарға алуын сұрайды.

2016 жылы қамауға алынған полиция полковнигі Аюпхан Жансарының ет жақындары, бауырларының конституциялық құқы өрескел бұзылып отырғанын айтады. Сөздерінше, қылмыстық процестік кодекстің талаптары бойынша, тергеу барысында Қазақстанда күдіктіні күзетпен қамаудың ең ұзақ мерзімі 18 ай дейді. Одан артық бір күн ұстауды заң көтермесе де, тергеу тобы заң бұзушылыққа барды деп отыр.

«Он сегіз айдың ішінде тергеліп, сотқа түсуі керек. Ал болмаса, босатылсын деп көрсетілген. Неге заңсыз осы уақытқа дейін ұстап отыр», - дейді қамаудағы Аюпхан Жансарының інісі Яхияхан Жансары.

«Біздікі ақталсын деген талап емес, тек заңдылық сақталсын!» деген айыпталушының қорғаушысы болса, 300 томдық іспен таныстыру басталды деген ресми хат алса да, танысу барысында істің кенеттен 1200 томға бірақ секіргеніне таңқалыпты. Таныстыру хаттамасында істің қай томы екені көрсетілмей отырғаны да өрескел заң бұзушылық дейді. Сорақысы сол, қорғаушылардан жасырын, астыртын тергеу амалдары әлі жалғасуда дейді.

«Сотқа жолдайын десе, көптеген олқылықтар орын алған. Көптеген мән-жайлар анықталмай қалған. Енді соны анықтау туралы нұсқама келген болу керек. Сол бойынша бізге айтпастан, жасырын тергеулер жүрген. Сараптамалар тағайындалған», - дейді қорғаушы Қыдыр Құлтаев.

2016 жылы Оңтүстікте тіркеу-емтихан бөлімінің лауазымды басшылары ұсталып, оларға ұйымдасқан топ құру, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану, пара алу, қызметтік жалғандық жасау секілді айыптар тағылған болатын.

Дереккөз: 31-арна

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары