$ 488.91  532.62  5

Аса ірі көлемде пара алды деген Мәдениет министрлігінің қызметкері үйқамаққа алынған

Мәдениет және спорт министрлігінің бірнеше лауазымды қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталғанын бұған дейін хабарлағанбыз. Олардың арасында министрліктің әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев қана үйқамаққа алынған. Ал, 46 жастағы шенеуніктің параны кімнен не үшін және қанша көлемде алғаны әзірше жарияланбай отыр деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Бір анығы, Еренай Дәржібаев параны Астанадағы қымбат мейрамханалардың бірінде алған. Кейбір дерек көздерінің хабарлауынша, ауызбастырықтың көлемі 14 миллион теңге. Алайда, Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро бұл мәліметті растаған да, теріске шығарған да жоқ. Ал басты күдікті Дәржібаев Мәдениет және спорт министрлігінде әкімшілік департаментін басқарып қана қоймай  Этика жөніндегі уәкіл қызметін де қоса атқарған. Яғни ведомство қызметкерлерінің  жемқорлыққа жоламауын  қадағалапты. Енді өзі шатылып жатқан лауазымды шенеунік 24 желтоқсанға дейін үйқамақта отырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары