Заң 28.10.2018 сағат 11:16  442

Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған жас автожүргізушілер ұсталды (ВИДЕО)

Ақтау көшелерінің бірінде жол ережесін өрескел бұзған бірнеше автокөліктің жүргізушілерін полицейлер ұстады деп жазады Tengrinews.kz.

Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған жас автожүргізушілер ұсталды (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Еске салайық, бұған дейін қымбат көлік мініп, жолды кес-кестеген, тіпті қарсы бағытқа шығып алып, өзге жүргізушілерге қауіп төндірген жас жігіттердің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын. Онда жас жігіттер бастарын терезеден шығарып, ысқырады және айғайлайды.

"Аталған дерек бойынша 1996 және 1997 жылғы үш жас жігіт ұсталды. Олар Mercedes-Benz және Lexus GS 250 көліктерін жүргізген. Барлығы да сау күйінде болған", - делінген Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Lexus автокөлігі мемлекеттік номерсыз жүрген. Олардың үстінен ҚР Әкімшілік кодексінің бірнеше баб бойынша хаттама толтырылып, ірі көлемде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар