$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда теракт жасауға дайындалған шетелдіктер ұсталды (ВИДЕО)

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда лаңкестік әрекеттер жасамақ болған бір топ күдіктіні ұстағаны туралы видео жариялады.

Ұстау операциясы биыл 10 қаңтарда Алматыда жүргізілген екен. Күдіктілердің нақты қай ел азаматтары және қандай діни ағым ұстанатыны туралы айтылмаған.

«Қазақстанда теракт жасамақ болған шетел азаматтары – Орталық Азия елдерінің тумалары ұсталды», –  делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары