$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаев 3 бірдей заңға қол қойды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ, терроризм және Каспий теңізіне қатысты 3 заңға қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Біріншісі – «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 

Екіншісі – «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Үшіншісі –  «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары