$ 494.87  520.65  4.91

Ереже бұзған көліктер тағы да «қызыл таяқтың» ұшында «ойнайтын» болды

Еске салсақ, қазақстандық полицейлер жезлды 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануды тоқтатқан.

Қазақстанда жол қозғалысын реттеу үшін жезлдарды қайта қолдана бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz, ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қыркүйектен бастап полиция қызметкерлеріне жезл қайтарылды. Ведомство өкілдері ол тек жол қозғалысын реттеу үшін пайдаланылатынын хабарлады.

«Жезл, әсіресе, тәуліктің қараңғы уақытында және көрініс нашар кезде, сондай-ақ, көлік құралдарын мынадай жағдайларда бағыттау үшін пайдаланылады:

- жол-көлік оқиғалары және кептеліс кезінде, оның ішінде бағдаршамдар сөнгенде;

- көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру;

- терроризмге қарсы операцияларды және (немесе) күзет іс-шараларын өткізу;

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын болдырмау және (немесе) жою кезінде», – деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Полиция қызметкерлері көлік қозғалысын реттеуде жезлмен бірге жарық шағылыстырғыш кеудеше мен қолғап киіп тұрады. Сондай-ақ, олар қосымша сигнал беру үшін ысқырғыш пайдаланады.

Жезлдарды қайтаруға бюджеттен ақша бөлінбейді, себебі, олар бар. Еске салсақ, қазақстандық полицейлер жезлды 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануды тоқтатқан. Содан бері олар көлікті қолмен тоқтататын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары