28.10.2019, 04:10

Мас күйінде көлік жүргізген және мал ұрлаған адамдарға жаза күшеймек

Фото: 24.kz
Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде көлік жүргізген және мал ұрлаған адамдарды қатаң жазалауды тапсырды. Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында жазды.  

«Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет», - деп жазды ол.