29.10.2019, 02:15

Қарағанды облысында мүйізі кесілген 72 киік табылды

Қазіргі уақытта оларды атқан броконьерлерді анықтау және ұстау бойынша іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты Жанбөбек  ауылынан 60 шақырым жерде мүйіздері кесілген 72 киік табылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қазіргі уақытта оларды атқан броконьерлерді анықтау және ұстау бойынша іздеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Жанатай Сембеков, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі: 

– Облыстық полиция департаменті басшылығымен күдіктілерді ұстауға байланысты білікті мамандардан жедел-іздестіру тобы құрылды. Қарағанды облысымен шектесетін облыстағы полиция қызметкерлерімен бірлесіп тосқауыл бекеттері қойылды. Бағыттамада көрсетілген автокөліктерге ұқсас барлық көлік құралы тексерілуде.