$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлдық екі жігіт ғаламтор арқылы есірткі сатып, қыруар қаржы тапқан

Күдіктілер жалдаған пәтерді тінту барысында тұз, спайс, жазбалар, сим-карталар, ұялы телефондар мен 250 граммдық синтетикалық есірткісі бар үлкен орама тәркіленді.

Петропавлда ғаламтор арқылы синтетикалық есірткі сатты деген күдікпен екі адам ұсталды. 30 және 28 жастағы жігіттер тауарларын интернетте еркін саудалап, қыруар пайда тапқан. Бірақ, күдіктілердің бұған дейін қанша нашаны сатып үлгергені белгісіз, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, сайт еш кедергісіз жұмыс істеген. Себебі, оны жасаушылар жоғары технологиялық әдіс қолданыпты. Клиенттермен тек жабық электрондық арналар арқылы байланыс орнатқан. Мұның барлығы интернет-дүкенге жүргізілген сараптаманың нәтижесінде анықталды.

Күдіктілер жалдаған пәтерді тінту барысында тұз, спайс, жазбалар, сим-карталар, ұялы телефондар мен 250 граммдық синтетикалық есірткісі бар үлкен орама тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, елімізде елірткіш затты сатып, таратқандарға қатысты жаза биылдан бастап күшейтілген.

«Ұсталғандар бұрын сотталмаған. Ресми түрде еш жерде жұмыс істемейді. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3- бөлігі бойынша тұтқындалды», - дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары