$ 514.65  544.6  5.17

Қазақстандықтар енді дәрі ішкені үшін де жүргізуші куәлігінен айрылып қалуы мүмкін

Мұндай даулы мәселеден аулақ болу үшін бірінші кезекте дәрілердің құрамын қарау керек дейді мамандар.
фото: zr.ru
фото: zr.ru

Алматы қаласы бойынша сот сараптамалары институтының қызметкерлері кейбір дәрілер көлік жүргізу куәлігінен айыруы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Мамандар тұмау мен жөтелге қарсы дәрілердің құрамындағы кодеин, фенобарбитал сынды қоспалар ішімдік пен есірткінің аз мөлшерін болса да ағзада көрсетеді дейді. Жылдам сараптама жасайтын құрылғылар оны бірден анықтап береді екен. Сондықтан адамның ауруын жазған дәрі көлік жүргізу куәлігінен айыруы әбден мүмкін.

Мұндай жағдай жиі кездесетін көрінеді. Мысалы дене қызуына, тамақ ауруына және тұмауға қарсы дәрілердің құрамында апиыннан алынатын кодеин, фенобарбитал сынды ауруды бәсеңдететін қоспалар бар. Оны тұрақты пайдаланған соң, адам ағзасы бір аптада толық тазарады.

«Әрине, дәрілердің құрамындағы кодеин, фенобарбитал сынды қоспалар ішімдік ішкен, есірткі пайдаланған адамдардың ағзасындағы мөлшерге қарағанда әлдеқайда төмен. Бірақ, жылдам сараптама жасайтын құрылғылар дәрілердің де мөлшерін көрсетеді.

Сондықтан толыққанды сараптамадан өту керек. Ол жерде уақыт шектеуі бар. Осындай даулы мәселеде бірден зертханалық сараптама жасатқан жөн», - дейді Алматы қаласы сот сараптамалары институтының бөлім басшысы Дарья Скурихина.

Алайда, адам ағзасындағы зиянды заттардың мөлшері сағат сайын азаятындықтан, зертханалық сараптаманың уақыты да шектеулі. Ал көлік тізгіндеген азаматтардың көбі тек тыныштандыруға арналған дәрілік заттардан ғана хабардар екен.

Мұндай даулы мәселеден аулақ болу үшін бірінші кезекте дәрілердің құрамын қарау керек дейді мамандар. Өйткені, аталған зиянды заттар дәрілердің барлығында бірдей бола бермейді екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары