Алматыда 8 наурызда өткен феминистік шерудің екі қатысушысы Арина Осиновская мен Фариза Оспанға қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
Олар митинг ұйымдастырушы ретінде және ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталуда. Фариза Оспанның айтуынша, билік заңсыз митингке қатысқан Лейла Махмудова мен Гүлзада Сержанованы да жауапкершілікке тартуды көздеп отыр.
Ал Алматы қалалық соты ғимаратының жанында 20-ға жуық плакат ұстаған белсенділер жиналып, Фариза Оспан мен Арина Осиновскаяны қолдап сөз сөйледі.
Тағы оқи отырыңыз: «8 наурыз – әйелдер құқығын еске алу күні!»: Алматыда жүзге жуық әйел рұқсат етілмеген шеруге шықты
Әйелдердің мереке қарсаңында шыққан шеруіне бетперде киген ер-азаматтар шабуыл жасады
«Біз төтенше жағдайда өмір сүріп жатырмыз!»: Ұлыбританияда мыңға жуық әйел шеруге шықты
Еске сала кетсек, 8 наурыз күні феминистік шеруге «КазФем», «Феминита», «Фемагора», «Фемсреда» және «Свет» қоғамдық қорының 60-қа жуық өкілі қатысқан еді. Сол сәтте шерушілермен жергілікті билік өкілі кездесіп, олардан үйлеріне тарауды сұраған. Алайда, белсенділер оның тоқтамына құлақ аспаған болатын.