$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында жер қатынастары бойынша 11 қызметкердің қылмысы ашылды

Өңірде дәл осы жер мәселесімен 2018 жылы 29 құқықбұзушылық тіркелсе, 2019 жылы 7 іс қозғалған. Сотталғандардың басым бөлігі – Алматы мегаполисі маңындағы ауыл әкімдері, жер бөлімінің мамандары.
фото: ult.kz
фото: ult.kz

Алматы облысында тек осы жылдың бірінші тоқсанында жер қатынастары саласында 11 қылмыстық іс қозғалған. Олардың 9 дерегі сыбайлас жемқорлық бойынша қаралған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірде дәл осы жер мәселесімен 2018 жылы 29 құқықбұзушылық тіркелсе, 2019 жылы 7 іс қозғалған. Сотталғандардың басым бөлігі – Алматы мегаполисі маңындағы ауыл әкімдері, жер бөлімінің мамандары.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жер қатынастары саласына мониторинг жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтаған. Зерттеу нәтижелері бойынша, өңір сыбайлас жемқорлыққа қарсы антирейтинг тізімінде көш бастап тұр.

Жер төңірегіндегі дауларды болдырмау, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бұдан былай жер комиссиясының отырыстарын жариялы түрде өткізу ұсынылуда. Алдағы уақытта әр басқосуда аудио-бейне жазба жүргізіліп, азаматтық қоғам өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары да қатысатын болады.

«Заңның барлық тиісті баптары жұмыс істеу керек. Сондай-ақ, біздің халыққа өз тарапымыздан, мемлекеттік қызметшілер тарапынан тиісті жағдай жасауымыз керек. Жердің бөлінуіне де, оның мақсатының заңды ауысуына да мониторинг жүргізіледі», - деді департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары