Заңгер Ерғали Берлібаев Facebook-тегі парақшасында бірнеше жылдан бері мүгедек қызын өзіне қайтара алмай жүрген әкенің оқиғасымен бөлісті. Заңгердің айтуынша,оны ата ана құқығынан заңсыз айырған және емдеу мекемесінен қызын алуға мүмкіндік бермей отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
2006 жылы, Нұр-Сұлтан қаласында Досанның Аяулым есімді қызы туылады. Оның өз жекеменшік үйі болмағандықтан, әйелі және тағы бір баласымен бірге үй жалдап тұрған. Алайда, 2007 жылы Аяулым ауруханаға жатқызылады да, басына жасалған операциядан кейін (ісік табылып) қыз мүгедек болып қалады. Сол кезеңде қыздың анасы туберкулезбен ауырып жүріп, қайтыс болады.
ДЦП диагнозы қойылған қызы, үш жасар ұлымен және әйелінің қолдауынсыз жалғыз қалған Досан Аяулымды Нұр-Сұлтандағы балалар медициналық мекемесіне ауыстыруға мәжбүр болады. Досан қаржылық қиындықтарға тап болып, пәтер ақысын төлей алмауына байланысты Шымкент қаласына оралады. Ол мүмкіндігінше келіп, қоңырау шалып, емдеу мекемесінің қызметкерлері арқылы қызының жағдайын сұрап тұрады.
2019 жылы медицина Аяулымға көмектесе алмайтыны белгілі болды, сол кезде Досанның үй жағдайы да жақсарып қалған еді. Оның екінші некедегі (азаматтық неке) жұбайы да баланы әкелуге қарсы болмағандықтан, екеуі қызды алуға құжаттар дайындай бастады.
Бірақ медициналық мекемеге келгеннен кейін, оларға ата-ана құқығынан айыру туралы сот шешіміне сілтеме жасай отырып, баланы беруге бас тартады.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы » Заңның 21-бабына сәйкес, әр баланың отбасында тұруға және тәрбиеленуге құқығы бар. Бұл норманы Нұр-Сұлтан кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ескермеді, әкесін қатыстырмай, ол ата-ана құқығынан айырылды және алимент 2016 жылы өндіріп алынды. Сот Нұр-Сұлтандағы мекен-жайға шақыру қағазын жіберді, ал ол кезде жауапкер Шымкентте тұрып жатты», - деді Досанның адвокаты Ерғали Берлібаев бұл жағдайға байланысты.
«Судьялар өз шешімдерін Досанның қазіргі уақытта заңды некеде болмауымен түсіндіреді. Бірақ көптеген отбасылар некелерін тіркемегенді жөн көреді, өйткені кейбіреулер осыған қатысты санаттарын пайдаланып, тұрғын үй мәселелерін жақсартқысы келеді », - деп қосты адвокат.
Досанның отбасы жедел түрде барлық мүдделі азаматтардан көмек сұрайды. Олар жоғары органдарға, тіпті бірқатар депутаттарға ресми хаттар жолдады. Алайда, жағдай әлі еш өзгерген жоқ. Досан ата-ана құқығын қайтарып алу туралы ювеналды сотқа арыз бергенімен, сот шешімді өзгертпеген.
Адвокат Ерғали Берлібаев та сот үкімімен келіспейді. Бұл туралы ол өзінің Фейсбук парақшасында: "Досан ешқашан Аяулымнан бас тартқан емес. Тек оның еміне қаражаты жетпеген соң ғана медициналық орталыққа қалдыруға мәжбүр болды. Егер баланың әкесі маскүнем болмаса, нашақор болмаса, бұрын сотталмаса, қамқорлығында басқа да балалары болса, не үшін оны ата-ана құқығынан айыру керек? Ювеналды сот ең бірінші баланың құқығын қорғауы керек. Ал бала үшін ең маңыздысы - өз үйінде, туған әкесі мен туған бауырының жанында болу" деп жазды.