Заң 24.04.2021 сағат 13:18

«Халық дайын емес. Жерді беру туралы мораторийді 5-7 жылға созу керек»

Екі ортада банкпен, ЖШС иелерімен де соттасуға да тура келеді.
«Халық дайын емес. Жерді беру туралы мораторийді 5-7 жылға созу керек»
Фото: baq.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында заңгер Бақытжан Базарбек жерді сату жөніндегі мораторийді тағы бірнеше жылға соза тұруды ұсынды деді BAQ.KZ.

Жерді жеке меншікке беру туралы мораторийді тағы 5-7 жылға созу керек. Өйткені халық жердің сатылуына дайын емес, қоғамда әртүрлі әңгіме тарап жатыр. Одан бөлек бізде ауыл шаруашылық жерімен байланысты өзекті мәселелер бар. Мысалы шартты жер үлесі, оны пай жерлері дейді. Қаншама мыңдаған шартты жер үлесімен байланысты жерлер жеке қолға кетеді,-дейді ол.
Оның айтуынша, егер жер сату жөніндегі мораторий алынса шартты жер үлесі барлар ол жерді өз атына аудару құқығы болады. Бұл жерде мыңдаған ауыл тұрғындары жер пайларынан айырылып қалады.

Екі ортада банкпен, ЖШС иелерімен де соттасуға да тура келеді. Оған Қызылордадағы жағдай куә, облыстық әкімдіктің жанында қаншама адам қазір дауласып жүр. Кербұлақ ауданындағы «Бостан» кәсіпорнының жағдайы да тура сондай. Сондықтан шартты жер үлесі иелерінің реестрін құрып, оларды есепке алу керек. Одан бөлек банкке қойылған барлық шартты жер үлесімен байланысты барлық жерлерді тексеріп, есепке алу қажет. Сондай-ақ жердің құнын тексеріп, қайта қарау керек. Оның барлығына уақыт керек,-деді заңгер.

Бақытжан Базарбек бүгінгі отырыс алдында халықпен сөйлескенін және қаншама мониторингтік жұмыс жасалғанын айта келе жерді жеке меншікке беруге халық әзірше дайын емес екенін айтты.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар