Заң 28.05.2021 сағат 17:00

LRT ісі бойынша айыпталушыларға үкім шықты

Іс бойынша айыпталушылар 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталды.
LRT ісі бойынша айыпталушыларға үкім шықты
фото: tengrinews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

LRT жобасын іске асыру кезінде қаржы жымқыру ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Іс бойынша айыпталушылар 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда LRT салу кезіндегі ақша жымқыру іс бойынша сот 2020 жылдың қазанында басталған. Бұған дейін жеті адамға айып тағылғаны хабарланған болатын. Олардың арасында елорданың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов, Нұр-Сұлтан мәслихатының бұрынғы депутаты және хатшысы Жанат Нұрпейісов, "Astana Innovations" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшім, сондай-ақ түрлі кәсіпорындар қызметкері Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов және Дәурен Әбдіхамитов болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпараты бойынша, қылмыстық схеманы әкімнің орынбасары Сұлтанбеков пен "Астана LRT" басшысы Ардан шетелдік және қазақстандық компаниялар көмегімен ұйымдастырған. Екеуіне де халықаралық іздеу жарияланған.

Ардан 2014 жылдан 2017 жылға дейін "Астана LRT" төрағасы болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметі бойынша, ол ұрлық дерегі анықталғанға дейін елден кетіп қалған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар