$ 494.87  520.65  4.91

Шетелде порнофильмдерге түсіп жүрген қазақстандық қыздар (ФОТО)

Батыс елдері мен АҚШ-та порноиндустрия саласының қарыштап «дамып кеткені» соншалық, онымен күн көріп, нәпақасын тауып жүрген бойжеткендердің саны жетіп артылады екен.

Өкініштісі, олардың арасында соңғы жылдары қазақ қыздары да бой көрсете бастаған. Шетелде порноиндустрия саласында «бағы жанған» қазақ арулары туралы аз-кем ақпарат ұсынады.

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Көпшілікке Люси Левон лақап атымен танылған қазақстандық ару америкалық порнофильмдерге түсіп, көпшілікке танылған. centrasia.ru басылымының мәліметіне сәйкес, бикештің тіпті өз сайты бар көрінеді. Аталған сайттан көрермендер ол түскен фильмдерді ақша беріп, жүктей алады екен.

Сондай-ақ, Люсидің жолдасы да бар көрінеді. Отағасы оның порнофильмдерге түсуіне қарсылық танытпаған, керісінше, осы күнге дейін қолдап, қорғап келген. Басылымның айтуынша, ол әлі елге оралмаған әрі оның отанына қашан келетіні де белгісіз. Бойжеткеннің бүгінде немен айналысып жүргені, әзірге беймәлім.

Отбасындағы қазақы тәрбие алғанына қарамастан, Гүлжан 1998 жылы Санкт-Петербурге барып, Сергей Прянишниковтың порностудиясында қызмет ете бастаған екен.

«Қыздығымнан 19 жасымда айырылдым. Төсек қатынасы өзіме ұнағандықтан, осы салаға шындап бет бұруды қолға алдым. Алғашында түнгі клубтардың бірінде стриптиз биін билеп ақша тауып жүрдім. Кейін, порнофильмдерге түсе бастадым.

Одан кейін, Прагаға барып, жұмыс істедім. Онда порноиндустрия үшін барлық жағдай жасалған және ол елде аталған саланы дамыту үшін заңды түрде рұқсат берілген. Порнофильмді түсіретін ғимаратты жалға алып, өз студияңда «жұмыс жасай бересің».

Ресей мен Чехияның көптеген порно жұлдыздарымен таныспын. Ал қазір порноиндустриядан кеттім, себебі, сүйіктім Дениспен таныстым. Алғашында, біз жай ғана дос болып араласқанбыз, кейін бір-бірімізге ғашық екенімізді түсіндік. Өмірде шынайы махаббатқа тең келер ештеңе жоқ, сол себепті, өз кәсібімді де тастауға тура келді», — деп басылым беттеріне берген сұхбат ағынан жарылған ару.

Ал Desert Angel есімімен белгілі болған павлодарлық бойжеткеннің шын аты – Катя екен. effectum.info сайтының мәліметінше, Қазақстанда тұрмыс құрған ол, өзінің жұбайымен бірге порнороликтер түсіріп, оны түрлі сайттарға жүктей бастайды.

Кейін, ерлі-зайыптылар «жыныстық қатынасқа» көше мен қоғамдық орында түсіп жүрген. Олар ондай заңға қайшы әрекеттері үшін, талай мәрте айыппұл да төлеген. Десе де, Қазақстанда аяғынан тік тұра алмаған олар алдымен Ресейге, кейін Таиландқа көшіп кеткен.

Қазір, БАҚ беттеріндегі ақпаратқа сәйкес, бойжеткен Германияда порнофильмдерге түседі екен.

Дереккөз: NUR.KZ

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары