Әлем 15.03.2023 сағат 12:40

АҚШ конгресі ресейлік «Вагнер» тобын лаңкестік ұйым деп жарияламақ

Дауыс беру келесі аптада өтуі мүмкін.
АҚШ конгресі ресейлік «Вагнер» тобын лаңкестік ұйым деп жарияламақ
Фото: Depositphotos
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Вашингтондағы саясаткерлер мен сарапшылар Евгений Пригожиннің жалдамалы сарбаздарын лаңкестік топ деп тану арқылы олардың әлемнің әр аймағындағы іс-әрекетін шектеуге көп жол ашылатынын мәлімдеді.

«Америка дауысы» басылымының жазуынша, Конгрестің екі палатасында, Сенат пен Өкілдер палатасында «Вагнер» тобын – Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясының негізгі күші саналатын жалдамалы сарбаздарын «шетелдік террористік ұйым» деп тану шешімі нығая түседі.

Көптеген сенатор мен конгрессмендер Ақ үйдің «вагнерліктерді» трансұлттық қылмыстық топ деп атау туралы жақында қабылданған шешімін Вашингтонның Шығыс Еуропа, Африка, Таяу Шығыс пен Оңтүстік Америкада белсенділік танытқан ресейлік жалдамалыларға қарсы тұруындағы маңызды, бірақ жеткіліксіз қадам болды деп санаған еді.

«Ресей жалдамалыларын жауапқа тарту туралы» заң жобалары (Holding Accountable Russian Mercenaries Act) екі палатада да қаралып жатыр, деп жазды Azattyq Ruhy.

АҚШ Хельсинки комиссиясының қазіргі төрағасы, Оңтүстік Каролинадағы республикалық конгрессмен Джо Уилсон «Вагнер» жеке әскери компаниясы «террористік әдістерімен бейбіт елдердің қауіпсіздігіне айқын қатер төндіретінін» айтты.

«Егер «Вагнер тобын» АҚШ билігі ресми түрде «шетелдік лаңкестік ұйым» деп таныса, топтың қызметін тоқтатуға мүмкіндік әлдеқайда көп болады», – дейді Конгрестегі тыңдалым қатысушылары.

Тыңдау барысында сенаторлар дауыс беру келесі аптада өтуі мүмкін екенін айтты.

arasha.kz

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар