$ 481.84  531.33  5.07

Балабақшаға шабуыл: төрт бүлдіршін мерт болды

Шабуыл кезінде балабақшада 40-қа жуық бүлдіршін болған.
Фото: Reuters
Фото: Reuters

Бразилияның оңтүстігіндегі Блуменау қаласында балтамен қаруланған қаскөй балабақшаға кіріп, кем дегенде төрт баланы мерт қылды, тағы төртеуі жараланды, деп хабарлайды BBC. Шабуыл кезінде балабақшада 40-қа жуық бүлдіршін болған. Жаралылар жеткізілген жергілікті аурухананың мәліметінше, олардың барлығы үш жасқа толмаған.

Полицейлердің таратқан дерекке қарағанда, қылмыскер балабақшаның қоршауынан секіріп өтіп, қаруымен кездескеніне соққы бере бастаған. Кейін полиция бөлімшесіне өзі барып, қамауға алынды, деп хабарлайды aikyn.kz.

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва бұл қылмысты жантүршігерлік оқиға деп атады.

«Отбасы үшін балаларынан немесе немерелерінен айырылудан артық ауыртпалық жоқ, әсіресе осы бейкүнә және қорғансыз балаларға зорлық-зомбылық жасау әрекеті жанымызға қатты батты. Мен осы трагедия құрбандарының отбасымен біргемін, солар үшін дұға жасаймын», - деп жазды ол Twitter-де.

Блюменау қаласы орналасқан Санта-Катарина штатының губернаторы Жоржиньо Мелу орын алған сұмдық қырғынға байланысты үш күндік қаралы күн жариялады. Штаттағы мектептер ертеңге дейін барлық сабақтарды тоқтатты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары