17.05.2023, 17:40

«Ресей геосаяси тұрғыдан күйрей жеңіліп, Қытайға кіріптар елге айналды» – Макрон

Фото: Reuters
"Бұл соғыста Ресей Қытайға тәуелділіктен басқа, Ресей Балтық жағалауынан айырылып, Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруін жылдамдатты.

Франция президенті Эммануэль Макрон L’Opinion басылымына берген сұхбатында «Ресей Украинадағы соғыста геосаяси тұрғыдан күйрей жеңіліп, Қытайға кіріптар елге айналды» деп баға берді.

Ол Мәскеу мен Бейжің арасындағы қазіргі қарым-қатынасты және Финляндия мен Швецияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүше болғаннан кейін осындай қорытынды жасаған. 

Макронның айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин енді қанша жерден әскери мобилизация жасаса да  «арнайы әскери операцияны» құтқара алмайды.

"Бұл соғыста Ресей Қытайға тәуелділіктен басқа, Ресей Балтық жағалауынан айырылып, Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруін жылдамдатты. Екі жыл бұрын бұл мүмкін емес еді. Осыдан-ақ, Ресейдің үлкен геосаяси жеңіліске ұшырағанын байқауға болады", – деп атап өтті Макрон.

dalanews.kz