Ол өзі Жапонияда туғанымен, үнемі барлығы оны қазақ екен деп ойлап қала беретінін айтты.
Жапондық жігіт қазақ тілін жетік меңгеріп, желідегілерді таңқалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
TikTok желісінде Еуропада тұратын жапондық жігіттің қазақ тілінде еркін сөйлеп, Қазақстаннан келген тағамнан дәм татқан видеосы танымал болды.
Қала көшелерінде түсірілген видеода ол өтіп бара жатқан қазақтардан қай қалада тұратындарын және қазақ тіліндегі сүйікті сөздерін сұрайды.
Сәлем, Қазақстан, – деп сәлем жолдады жігіт қазақша.
Тағы бір видеосында ол дүкенге кіріп, Қазақстаннан шыққан өнімдер бар ма деп сұрайды. Ол өзі Жапонияда туғанымен, үнемі барлығы оны қазақ екен деп ойлап қала беретінін айтты.