$ 442.05  474.14  4.74

Бішкек маңында әскери тікұшақ құлады

Қырғызстан Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын өткізу барысында мәжбүрлі түрде қонған.

Фото: "Қырғызаеронавигация" мемлекеттік кәсіпорны.
Фото: "Қырғызаеронавигация" мемлекеттік кәсіпорны.

Бішкек маңында Ми-8 әскери тікұшағы құлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Kabar агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:55-те" Фрунзе-1 " әуе базасында Ми-8 әскери тікұшағы құлады. Борт 203. Экипаждағылардың жағдайы әлі белгісіз, - делінген хабарламада.

Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің агенттігіне хабарлағандай, Қырғызстан Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын өткізу барысында мәжбүрлі түрде қонған. Зардап шеккендер бар.

Қорғаныс министрлігінің және әуе қорғаныс күштерінің басшылығы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Тергеу нәтижелері туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады, - деп атап өтті ведомстводан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары