Бұл туралы шетелдік басылым жазды.
АҚШ пен Иран соғысы 3 қарашада өтетін Конгрестің аралық сайлауына дейін аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп NewsNation телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін АҚШ президенті қақтығыс 3 қарашадағы аралық сайлаудан кейін бірден аяқталады деп мәлімдеген болатын. Бүгін ол Тегеран тарапының бұдан әрі ұзаққа шыдай алатынына күмәнмен қарайтынын жеткізді.
"Бірақ бұл мәселе сайлаудан кейін немесе одан да ертерек реттелуі мүмкін", – деді Трамп.
Сонымен бірге Дональд Трамп Иранның Иорданиядағы америкалық базаға жасаған соңғы соққылары аймақтағы америкалық ұшақтарға зақым келтірді деген мәліметті растамады.
"Ешқандай зақым келген жоқ", – деп атап өтті ол.