Әзірге кеменің нақты жағдайы туралы ақпарат жоқ
Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі қолайсыз ауа райына тап болып, борттағы 140 адамды іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Virgo Transportation 8» кемесі 12 қыркүйекте Шығыс Явадағы Сурабаядан шығып, Оңтүстік Калимантандағы Банджармасинге бағыт алған. Алайда 13 қыркүйекке қараған түні ауа райы күрт нашарлап, кемемен байланыс үзілген.
Құтқару қызметінің мәліметінше, кемеде 240-тан астам адам болған. Қазіргі уақытта 103 жолаушы эвакуацияланды, олардың біреуі қаза тапқан. Құтқарылғандардың бір бөлігі Шығыс Ява портына жеткізілмек.
Қалған 140 адамды іздеуге құтқару топтары, кемелер мен тікұшақтар жұмылдырылды. Әзірге кеменің нақты жағдайы туралы ақпарат жоқ