30.10.2026, 11:00

Босния және Герцеговинада әскери тікұшақ құлап, 4 адам қаза тапты

Фото: Видео скриншот

Бұл туралы Италияның Қорғаныс министрлігі хабарлады. 

Босния және Герцеговинада әскери тікұшақ құлап, 4 адам опат болды, тағы 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Италияның Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Италияндық тікұшақ Еуроодақтың бітімгерлік миссиясы аясында тапсырма орындап жүрген. 

Министрліктің мәліметіне қарағанда, көз жұмғандардың екеуі – әскери қызметші, ал қалған екеуі – Италия Қызыл Крестінің ерікті әскери корпусының мүшелері.

Зардап шеккендер медициналық көмек алып жатыр. Апаттың себебі анықталуда. Тікұшақ Дейтон бейбіт келісімінің орындалуын бақылауға бағытталған Еуропалық күштердің «Алтея» операциясы аясында пайдаланылған.