$ 458.57 € 501.54 ₽ 5.57

Жалған куәлік беру күдігіне іліккен Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті ақталды

Мұнда 2024 жылғы 3 желтоқсандағы оқиғалар сөз болып отыр.

Фото: vnnews.ru
Фото: vnnews.ru

Оңтүстік Кореяның Жоғарғы соты елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді экс-премьер-министр Хан Док Судың сотында жалған куәлік берді деген айыппен қозғалған іс бойынша ақтады. Бұл сот процесі елде әскери жағдай енгізу мәселесіне қатысты өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Yonhap жазуынша, іс бойынша айып өткен жылдың қарашасында тағылған. Хан Док Суға қатысты сот отырысында бұрынғы президент премьер-министр мұндай жиын өткізуді ұсынбай тұрып-ақ, әскери жағдай жариялау үшін министрлер кабинетінің отырысын шақыруды жоспарлағанын айтқан. Мұнда 2024 жылғы 3 желтоқсандағы оқиғалар сөз болып отыр.

Арнайы прокурорлар тобы бұл жауаптарды жалған деп таныды. Айыптаушы тараптың нұсқасына сәйкес, Юн Сок Ёль кездесуге үкіметтің алты мүшесін шақырғанымен, ресми отырыс өткізуді көздемеген. Кейін Хан Док Судың ұсынысымен әскери жағдай енгізу туралы шешімге заңды сипат беру әрі министрлер кабинеті мүшелерінің қажетті санын толтыру үшін қалған қатысушыларды шақырған.

Қыркүйек айында апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың ақтау үкімін күшінде қалдырды. Судьялар министрлер кабинеті отырысының қалыптан тыс жағдайда өтуінің өзі Юн Сок Ёльдің кінәсін дәлелдемейді деген пайымға келді.

Жоғарғы сот та істі қайта қарауға негіз таппады. Судьялар айыптау үкімін шығару үшін кінәні растайтын бұлтартпас дәлелдер қажет екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0