23.07.2019, 18:18

Әйгілі футболшы қарсыласының жағын сындырды (ВИДЕО)

Фото: vesti.kz
Ойын барысында 37 жастағы форвард әуедегі допқа талас кезінде қарсыласын шынтағымен ұрып жіберген.

«Лос-Анджелес Гэлаксидің» швециялық футболшысы Златан Ибрагимович  «Лос-Анджелес» ойыншысы Мохаммеду Эль-Монирдің жағын сындырды. Оқиға америкалық MLS чемпионаты аясындағы матч барысында болған, - деп хабарлайды vesti.kz.

Лос-Анджелестің екі командасы 19 маусымда кездескен. Матч «Гэлаксидің» пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Бұл ойында Ибрагимович хет-трик авторы атанды. Ойын барысында 37 жастағы форвард әуедегі допқа талас кезінде қарсыласын шынтағымен ұрып жіберген. Салдарынан Эль-Монирдің бет сүйегі сынған.

Сол сәттің видеосы мен жарақаттанған футболшының рентген суретін «Нью-Йорк Ред Буллс» ойыншысы Армо Тарек Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Эль-Монирге енді ота жасалады, футболшы үшін маусым ерте аяқталды.

Тегтер: АҚШ футболшы