24.07.2019, 09:52

28 жастағы боксшы жекпе-жектен кейін көз жұмды (ВИДЕО)

Максим Дадашев пуэрторикалық Сабриэл Матиасқа қарсы жекпе-жектен соң есінен талып, дереу ауруханаға жеткізілген.

Ресейлік боксшы Максим Дадашев АҚШ-та өткізген жекпе-жегінде алған жарақатының салдарынан көз жұмды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы боксшының командасы мәлім етті. 28 жастағы спортшының жарақаттан жүрегі шыдас бермеген. Максим Дадашев пуэрторикалық Сабриэл Матиасқа қарсы жекпе-жектен соң есінен талып, дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер боксшының миына қан кеткенін анықтап, оның халі ауыр екенін мәлімдеген болатын.

Бұған дейін 13 жекпе-жегінде қарсыласынан басым болған Максим Дадашев алғашқы жеңілісінен соң көз жұмды. 

Еске сала кетейік, бірде-бір рет жеңілмеген боксшы жекпе-жектен кейін шұғыл ауруханаға жеткізілген. Бірінші жартылай орта салмақта бокстасатын спортшы кездесуді 11-раундта тоқтатуға мәжбүр болған