$ 494.87  520.65  4.91

Әйел эскалатормен көтерілемін деп аяғынан айрылды (ВИДЕО)

Видеодағы кадрдан қытайлық әйелдің эскалатордың тұтқасынан ұстап тұрғанын, ал құтқарушылар эскалаторды бөлшектеп, әйелдің аяғын шығарғалы жатқанын көруге болады.
Фото: Югополис
Фото: Югополис

Қытайдың Харбин қаласында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды, деп жазады sputniknews.kz.

Miaopai порталы куәгерлердің болған оқиғаны видеоға түсіріп алғанын жеткізді.  

Оқыс оқиға сенбі, 20 шілде күні шаһардағы сауда орталықтарының бірінде болған. Видеодағы кадрдан қытайлық әйелдің эскалатордың тұтқасынан ұстап тұрғанын, ал құтқарушылар эскалаторды бөлшектеп, әйелдің аяғын шығарғалы жатқанын көруге болады.

Істен шыққан экскалатор әйелдің сол аяғын кесіп, оң аяғына зақым келтірген.

Қытайлық әйел ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл түрде операция жасалды, деп хабарлайды AsiaOne.  

Зардап шеккен тұрғынның туысқандары эскалатор жұмыс істеп тұрғанын, алайда кенеттен істен шыққанын айтады.

«Ол ешқайда бара алмай қалды», - дейді аяғынан айырылған әйелдің туыстарының бірі.

Оқиға орнында болған бірнеше куәгер эскалатордың істен шыққанын, оған мінуге шектеу қойылғанын атап өтті.

«Ол қоршауды жылжытып тастады. Алайда эскалатор әлі тексеріліп жатқан, оны жақында ғана жөндеген еді», - дейді дүкендердің бірінің иесі.

«Әйелді ешкім тоқтата алған жоқ», - дейді тағы бір куәгер.

Полиция оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары