Қытайдың Хэнань қаласында 8 жастағы бала 6 жыл бойы мойнындағы инемен жүрді, деп жазады Stan.kz.
8 жасар баланың атасы немересінің аз қозғалатынын, үнемі құлап қалатынын байқайды. Бұл кемшілікті кальций жетіспегеннен деп есептейді. Бала мойны ауыртынын айтып шағыманғанда, оны ауруханаға апарады.
Компьютерлік томография баланың омыртқасында екі метал затты көрсетеді. Тағы бір ине тыныс алу жолына болған.
Нейрохирург бұдан әрі баланың сал болып қалуы мүмкін екенін ескертті. Сонымен қатар инелер тыныс алу жолдарына өте жақын орналақан. Сондықтан ота өте күрделі жасалды.
7 шілде күні 7 сағаттық ота жасалды. Хирургтер иненің бір бөлігін баланың мойнына алып тастады. Бала сауықтандыру емін алып жатыр. Ата-анасы баланың денесінде тігін инесінің қайдан жүрегін білмей дал болды.