$ 498.34  519.72  4.85

Үкіметке тағы да қайталаймын, мал өлсе түрмеге отырасыздар - Лукашенко

«Менің ойымша, өткен жылы сексен бес мың (қырылған малдың санын айтып отыр - Авт.). Сіздер бұл қанша ет боларын ойладыңыздар ма?», - деді Лукашенко.
Фото: Planeta
Фото: Planeta

Беларусь президенті Александр Лукашенко елді жайлаған жұтқа байланысты шенеуніктерге түрмеге отырғызатынын айтып, оны қатаң бақылауға алу туралы тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме беріп. 

Беларусь басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл туралы Лукашенконың Гомель облысының Ветковск ауданына жасаған сапары барысында сөз болған, онда ол «Белоруснефть-Особино» кәсіпорнының құс фабрикасының «Новоселки» өндірістік цехында болған. 

«Үкіметке тағы да қайталаймын, естеріңізде болсын: мал өлсе түрмеге отырасыздар. Менің ойымша, өткен жылы сексен бес мың (қырылған малдың санын айтып отыр - Авт.). Сіздер бұл қанша ет боларын ойладыңыздар ма?», - деді Лукашенко. 

Ол малдың қырылу жағдайын қатаң бақылауға алуды талап етіп, Бас прокуратураға осы мәселемен тығыз айналысуды тапсырды. 

«Бұл дұрыс емес, не азық жаман, не анау жаман, не мынау жаман! Шала жұмыс! Бұған назар аударыңыз. Мен әлі де сіздермен сабырмен сөйлесіп тұрмын», - деп ескертті Лукашенко. 

Бұған дейін ол шенеуніктерді ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысының жеткіліксіздігі және фермаларда малдарды ұқыпсыз ұстағаны үшін сынға алған. Атап айтқанда, наурыз айында Лукашенко Могилев облысына жұмыс сапарымен барып, сүт-тауар кешендерінің бірінде болды. Онда ол фермадағы сиырлардың жай-күйіне наразы болды, оларды екінші дүниежүзілік соғыс «Освенцим» концлагерімен салыстыра отырып, шенеуніктерді қызметтен айыруды талап етті. Бұдан кейін Лукашенко бірқатар лауазымды тұлғаларды, соның ішінде вице-премьера Михаил Русыйды отставкаға жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары