Тәжікстан Республикасы Қорғанысқа жәдемдесу қоғамдық ұйымының 1978 жылы шыққан «АН-2» ұшағы Қорғаныс министрлігінің «Фахрабад» жаттығу полигонында жоспарлы оқу-жаттығу кезінде техникалық себептерге байланысты апатқа ұшырады, деп хабарлайды baq.kz хабарлайды Тәжікстанның ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.
Апат салдарынан 1951 жылы туған ұшқыш қаза тауып, 1991 жылы туған екінші ұшқыш дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілген. Тәжікстан Республикасының мемлекеттік ұлттық тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, заңнамаға сәйкес шаралар жүргізуде.