$ 494.87  520.65  4.91

«Гранаталар жарылып жатты»: Атамбаевтың үйіне екінші шабуыл басталды (ВИДЕО)

Атамбаевтың жақтастары Бішкектегі митингті тоқтатып, Қой-Ташқа қарай келе жатыр.

Атамбаевтың үйін басып алу үшін екінші штурм басталды, деп жазады Zakon.kz akipress-ке сілтеме жасап.

Басылым хабарлағандай, сағат 16.20-да Атамбаевтың үйінде болған 500-дей адам Беш-Күнгей жаққа жылжыды. Олардың қолдарында қару жоқ, тек тас пен таяқ ұстаған.

Ал 16.23-те арнайы жасақ қайтадан шабуылға кірісті. Милиция Атамбаевтың үйіне граната лақтырды.

РИА Новости жеткізгендей, Атамбаевтың штабы экс-президентті жақтаушылар мен қарулы күштер арасында жаңа қақтығыс басталғанын мәлім етті. Атамбаевтың жақтастары Бішкектегі митингті тоқтатып, Қой-Ташқа қарай келе жатыр.

Қырғызстанның бұрынғы президентін жақтайтын Фарид Ниязов Алмазбек Атамбаевтың үйіне екінші шабуыл басталғанын растады.

«Атыс естілді. Гранаталар жарылып жатты», - деді ол.

Жарақат алғандар туралы Фарид Ниязов ештеңе айтпады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары