Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өз еркімен берілді.
Бұл туралы ТАСС бейсенбі күні бұрынғы мемлекет басшысының штабына сілтеме жасап хабарлады.
«Алмазбек Атамбаевты құқық қорғау органдарының қызметкерлері резиденция аумағынан алып кетті», - делінген мәлімдемеде.
Алайда бұл ақпаратты Қырғызстанның ресми органдары растаған жоқ.
Айта кетейік, бүгін кешкі сағат 8 шамасында Атамбаевтың ауласына арнайы жасақ оқ жаудырып, 15 адам жараланды. Кейін 1 арнайы жасақ өкілінің қайтыс болғаны хабарланды.