$ 448.15  483.46  4.86

Парижде Жерге түскен аспан денелері аукционға қойылды

Оның басты экспонаты – ХІХ ғасырдың аяғында Жерге құлаған салмағы 364 келі тартатын Мон Дье метеориті.

Парижде аспаннан Жерге құлаған салмағы 364 келі метеорит аукционға қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lucien аукцион үйінің сайтына сілтеме жасап.

Парижде 21 қазанда өтетін аукционда Жерге түскен аспан денелері сатылады. Оның басты экспонаты – ХІХ ғасырдың аяғында Жерге құлаған салмағы 364 келі тартатын Мон Дье метеориті. Ол – Франциядан табылған метеориттердің ішіндегі үлкендігі жағынан үшіншісі. Сарапшылар аспан денесін 80-120 мың еуро аралығында бағалап отыр. 

Аукционға қойылған тағы бір лот – салмағы157 келі метеорит. Оны 1968 жылы Францияның солтүстік-шығысындағы Об департаментінен фермер тауып алған. Оның құны – 30-50 мың еуро аралығында. 

Метеориттерден тыс, NASA түсірген фотосуреттер, Le Parisien және France Soir газеттерінің Apollo 11 миссиясына арналған нөмірлері, Ай бейнеленген конверттер де аукционға қойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары