Тарихта тұңғыш рет екі әйел ашық ғарышқа шықты. Америка астронавтары Кристина Кук және Джессика Меир халықаралық ғарыш станциясында ақау пайда болған сыртқы энергия блокты алмастыруы тиіс болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Бұл процесс шамамен алты жарым сағатқа созылуы мүмкін» деп хабарлады NASA ғарыш агенттігі.
Агенттіктің хабарлауынша, Кук пен Меир жөндеуі тиіс энергия блоктағы ақау халықаралық ғарыш станциясының жұмысына қауіп төндірмейді, тек қосымша энергия көзінен айыруы мүмкін.
Бортинженер Джессика Меир халықаралық ғарыш станциясына қыркүйек айының соңында келген. Ресейлік «Союз МС-15» ғарыш аппаратының бортында болған ғарышкерлермен бірге ұшқан. Ол ұзақ уақытқа созылатын ғарыш экспедициясына қатысады.
МКС-59/60 бағдарламасының бортинженері Кристика Кук халықаралық ғарыш станциясында наурыз айының ортасынан бері жүр. Жоспар бойынша, 2020 жылы ақпан айында Жерге оралады. Ол сол кезде ғарышта ең көп болған алғашқы әйел-астронавт (335 күн) атанбақ.