$ 447.4  477.55  4.76

«Жерге 25 қазанда жақындайды»: аспаннан алып астероид ұшып келе жатыр

Ол планетадан Айға дейінгі 16 қашықтыққа тең аралықта ұшып өтеді екен.

Көлемі 400 метрден бір шақырымға дейін баратын 162082 (1998 HL1) астероиды 25 қазан күні Жерге жақындайды, деп хабарлайды Sputnik, РИА Новостиге сілтеме жасап.

NASA жер маңы нысандарын зерттеу орталығының мәліметінше, астероид Нұр-Сұлтан уақытымен 25 қазан күні сағат 23:21-де Жерге ең жақын қашықтықта ұшып өтеді.

Астероид Жерге ешқандай қауіп төндіріп тұрған жоқ. Ол планетадан Айға дейінгі 16 қашықтыққа тең аралықта ұшып өтеді екен.

Аспан денесі «Аполлон» тобына жатады. 1998 жылы 18 сәуірде ашылған. Бұл топта барлығы 5 мыңнан астам астероид белгілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жер #планета #NASA