$ 443.35  475.54  4.82

Сириядағы лагерьлерде 60-тан астам елдің 28 мыңға жуық балаcы өмір сүріп жатыр

Сирияның солтүстік-шығысындағы лагерлерьден осы уақытқа дейін тек 650 бала ғана еліне оралған екен.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Сирияның солтүстік-шығысындағы лагерьлерде 60-тан астам елдің 28 мыңға жуық баласы өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Олардың 20 мыңдайы Ирак азаматтары. БҰҰ Балалар қорының атқарушы директоры Генриетта Фор осындай мәлімдеме жасады. Халықаралық ұйым өкілінің айтуынша, олардың 80%-і 12 жасқа дейінгі бүлдіршіндер. Осыған байланысты Генриетта Фор әлемдік қауымдастықтан олардың отанына оралуы үшін қажетті шараларды қолға алуға шақырды. Ал ресми дерекке сүйенсек, Сирияның солтүстік-шығысындағы лагерлерьден осы уақытқа дейін тек 650 бала ғана еліне оралған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сирия #лагерь