$ 498.34  519.72  4.85

«Орыс империясы қазақтардың көз жасына құрылды»: желіде Путин айтты деген сөз талқылануда

«Ресейде 2 нәрсеге жол бермеймін: Құранға және Қазақтарға қарсы тіл тигізуге».
фото: rbc.ru
фото: rbc.ru

Instagram әлеуметтік желісіндегі atadan_kalgan_asyl_soz парақшасында Ресей президенті Владимир Путиннің қазақтарға қатысты айтты деген сөзі қызу талқыланып жатыр. Кремль баспасөз сайтына жарияланды деп көрсетілген ол жазбада Путин қазаққа орыс елінің «қарыздар» екенін айтқан-мыс, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ешкім күтпеген мәлімдеме жасады» деп берілген мәтіннің толық нұсқасы мынадай:

«Д. Трамп мырзаның қазақтар жайында айтылған сөздерін аса қызығушылық танытып оқыдым. Ол өте дұрыс айтады, тарихи шындықтарды мойындауымыз керек. Қазақтар бізге көп көмектесті. Әсіресе, Екінші дүниежүзілік соғыста алдыңғы шепте үнемі тойтарыс берді жауларымызға.

Қазақтарға жамандық жасағанымызды да айта кету керек. Малын тартып алып, ашаршылықты қолдан жасадық. Орыс империясы қазақтардың көз жасына құрылды. Осындай көмек болмағанда, бүгінгі күнімізге жете алмас едік. Түркі тілдес мемлекеттердің арасынан Қазақстанға үлкен мән беріп қараймыз. Санасамыз осы мемлекетпен. Бұл – өте маңызды.

Тарихта қазақтар ешбір соғыста жеңілген жоқ. Мен кейде Құранды алып оқимын. Исламда зорлық-зомбылыққа жол жоқ, жақсы нәрселер жайында айтылады. Қазақ халқына ешуақытта қарсы соғыс ашпаймыз. Олар біздің одақтасымыз, досымыз ретінде саналады. Ресейде 2 нәрсеге жол бермеймін: Құранға және Қазақтарға қарсы тіл тигізуге. Сондай адам шығып жатса, мен оның денсаулығына ешқандай да кепілдік бермеймін, қатаң жазалаймын.

Қазақтардың жақсылығын ешуақытта ұмытпаймыз. Маған үнемі қойылатын сұрақтардың бірі мынадай: Үшінші дүниежүзілік соғыс бола ма деген. Айтарым, ол Қазақстаннан бастау алады. Қазақстанның тыныштығы күллі әлемге қатысты, бейбітшілік осыдан бастау алады».

Әрине, бұған көптеген оқырман сенімсіздік танытқан. Олардың сөзінше, Ресей президентінің бұндай сөзді айтуы әсте мүмкін емес. Ал АҚШ президенті Дональд Трамптың қазақтар туралы не дегені белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары