$ 444.32  473.33  4.76

Бұрынғы Президентке өлім жазасы тағайындалды

2013 жылы басталған қылмыстық іс бойынша үкімді үш судьядан құралған алқа билер шығарып отыр. Өлім жазасына кесу туралы шешімге екеуі дауыс берген.

Елдің экс-президенті Первез Мушаррафқа Исламабаттағы арнайы сот алқасы мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен өлім жазасын тағайындады. Қазір айыпталушы Дубайда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, BBS-дің орыс тілді қызметіне сілтеме жасап. 

2013 жылы басталған қылмыстық іс бойынша үкімді үш судьядан құралған алқа шығарып отыр. Өлім жазасына кесу туралы шешімге екеуі дауыс берген.
 
Генерал Первез Мушарраф билікке 1999 жылы болған әскери төңкеріс нәтижесінде келді.  Ал 2001 жылдан 2008 жылға дейін Президент міндетін атқарды. 

Қазір 76 жастағы Первез Мушарраф Дубайда. Оған ем қабылдау үшін 2016 жылы Пәкістаннан шығуға рұқсат берілген. 

Мушаррафқа 2007 жылы Конституция қызметін тоқтатуына байланысты айып тағылып отыр. Сол кезде ол биліктегі уақытын ұзартуды көздеп, төтенше жағдай жариялаған-ды. 

Үкімге шағым түсіруге болады. Желтоқсан айында экс-президент ауруханада жатып, бейнеүндеу жолдады. Бұл үндеуде оған қарсы ашылған қылмыстық істі негізсіз деп атады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары