$ 447.4  477.55  4.76

Қытайдағы кеме апатынан 7 адам із-түзсіз жоғалған

Қазіргі уақытта 11 адам құтқарылды, 7 адам ұшты-күйлі жоғалып кетті.

Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясына жақын жердегі айдында балық аулайтын кеме суға батып кетті. 11 адам құтқарылды, жетеуі жоғалып кеткен, деп хабарлады Синьхуа агенттігі жексенбіде жергілікті билікке сілтеме жасап. 

Ауыл шаруашылығы және ауыл істері провинциялық департаментінің мәліметі бойынша, кеме сенбі күні кешкі 8-дер шамасында Чжоушань қаласынан шығысқа қарай шамамен 180 теңіз милі қашықтықта суға батқан. 

Қазіргі уақытта 11 адам құтқарылды, 7 адам ұшты-күйлі жоғалып кетті. 

Оқиға болған жерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге 26 кеме жұмылдырылды. 

Келеңсіз жағдайдың себептері анықталып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қытай