АҚШ-тың Мэриленд штатында ұшақ апатқа ұшырады. Яғни, кішігірім ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлап түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл оқиға 29 желтоқсан күні болды. Осы апаттың салдарынан өрт шыққан. Абырой болғанда, өрт жылдам ауыздықталған.
АҚШ федаралдық басқармасы мен жергілікті өрт сөндіру қызметі мамандарының берген мәліметіне сүйенсек, құлаған ұшақтың үйдің үстіне құлауынан бір адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Әзірге апатты жағдайда жерге құлаған ұшақта нақты қанша адам болғаны белгісіз. Осы оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.