$ 448.15  483.46  4.86

«Республикада жасы жүздегі және жүзден асқан 382 адам тұрады» - Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі

Мемлекет қарт және егде жастағылардың, ең алдымен өзіне өзі қамқорлық жасай алмайтын адамдардың қолайлы өмір сүруіне лайықты жағдай жасау үшін түрлі шараларды іске асырып жатыр.
фото: otyrar.kz
фото: otyrar.kz

Беларусь астанасы – Минскі қаласы ұзақ өмір сүретіндердің саны бойынша көшбасшы, ал елде олардың саны 380-нен астам адамды құрайды. Бұл туралы бүгін журналистерге Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Ирина Костевич айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Белта агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда республикада жасы жүз және жүзден асқан 382 адам тұрады», - деді министр. Оның ішінде Минскіде ұзақ өмір сүретіндердің саны - 68.

Ирина Костевич мемлекет қарт және егде жастағылардың, ең алдымен өзіне өзі қамқорлық жасай алмайтын адамдардың қолайлы өмір сүруіне лайықты жағдай жасау үшін түрлі шараларды іске асырып жатқандығын атап өтті.

Олардың арасында әлеуметтік сала қызметтері, әлеуметтік патронат, сондай-ақ, интернат-үйлер желісінің орны ерекше болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары