$ 494.87  520.65  4.91

Ата-анасы таңдаған адамға тұрмысқа шыққысы келмеген 16 жастағы оқушы өз-өзіне қол салды

Марқұм болған Тамараның сыныптастары оның ата-анасы - езид екенін айтып, осы этнос үшін дәстүрлі дін ұстанғанын жеткізді.
Фото: ural.kp.ru
Фото: ural.kp.ru

Екатеринбургте 10 қаңтар күні кешке Эльмаш ауданының тұрғындары көшеде қыздың мәйітін тауып алды.
 16 жасар қыздың өзіне-өзі қол жұмсауынан кейін тергеушілер "өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу" бабы бойынша іс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасап. 

 Қыздың мәйіті ескі Большевиктер терезенің астынан табылған. Қыз осы үйдің сегізінші қабатында ата-анасымен бірге тұрғаны анықталды. Әуелде тергеу шаралары жүргізілген кезде "қылмыстық іс" деп танылмаған. Кейіннен құқық қорғау органдарындағы "КП-Екатеринбург" дереккөзі хабарлағандай, тергеушілер жақын арада РФ ҚК 110-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Марқұм болған Тамараның сыныптастары оның ата-анасы - езид екенін айтып, осы этнос үшін дәстүрлі дін ұстанғанын жеткізді. Ата-анасы оған құрдастарымен қыдыруға, араласуға тыйым салмаған. Ұстаздары мен құрдастары қыздың отбасын жақсы деп отыр.           

"Білуімше, қызды ата-анасы тұрмысқа бермекші болған. Олардың дініне сәйкес, мұны 16 жастан бастап қызды тұрмысқа беруге рұқсат. Тамараның өзі мұны қалады ма білмеймін. Тамара 9 сыныптан кейін ешқайда оқуға түспей, үйінде отырған", - деген педагог марқұм болған оқушысы жайлы бар білетін ақпаратын айтып берді.

Қаза тапқан қыздың сыныптастары да ұстаздарының айтқанын теріске шығармайды. Құрбысының бірі өлерінен бұрын Тамара ата-анасымен бірге Омбы қаласына барғанын айтты. Ал онда ата-анасы қызына күйеуі ретінде көргісі келген жас адам болған екен.

"Омбыдан Екатеринбургке ата-анасымен бірге не жалғыз өзі келгенін білмеймін. Меніңше, ол өзіне қол сала алмайды. Тамараны қасақана өлтіргеніне сенімдімін", - дейді таныс құрбысының бірі.

Свердлов облысы бойынша ЕҮК баспасөз қызметі "қайтыс болған қыздың ісімен айналысып жатырмыз" деген қысқа түсініктемемен шектеліп отыр. Тергеу барысымен таныс дереккөз "КП"-мен сөйлескенде қаза болған қыздың педагогы мен құрбылары баяндаған ақпаратты растады.

"Шын мәнінде, қызды Омбы азаматы үйлендіргісі келген. Дегенмен, дәл осы жағдайға байланысты қыздың өз-өзіне қол жұмсаған деп  айта алмаймыз. Қазір бұл ақпарат тексеріліп жатыр. Кісі өлімінің қиғаның нақты себептері, бұған басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін екені қылмыстық істі тергеу барысында анықталады", - деді істің мән-жайын білетіндер. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#отбасы