26.02.2020, 20:30

«Жазушылар мен журналистер болашақты болжай біледі»: 1981 жылы коронавирус туралы роман жазылған

фото: mignews.com
«Ең қорқыныштысы, бұл романда дерт 2020 жылы пайда болады және вирус «Ухань-400» деп аталады, ол зертхана орналасқан қаланың құрметіне қойылған» деп жазады South China Morning Post.

1981 жылы Дин Кунцтің «Ухань-400» вирусы тудырған ғаламдық індет туралы ғылыми-фантастикалық романы жарық көрген. Қазір сарапшылар «Кітап авторлары болашақты қалай болжай алды?» деп дүрлігіп жатыр, деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.

Екі айдан бері ғаламтор мен бұқаралық ақпарат құралдарының адамзатқа қауіп төндіретін қауіпті ауру туралы ақпараттан белі қайысып тұр. Кейбір елдердің билігі халықтың дүрбелеңінен тұтас қалаларға тыйым салды. Бұл оқиғаның қашан аяқталатынын және қазір болып жатқан оқиғалармен салыстыратын кітап қырық жыл бұрын шыққанын екінің бірі біле білмейді.

«Көздің қараңғысы» – 1981 жылы жарық көрген американдық жазушы Дин Кунцтің ғылыми фантастикалық романы. Сюжетке сәйкес, Қытай зертханасы әскери қажеттіліктерге арналған арнайы биологиялық қаруды – пневмонияны қоздыратын және қолданыстағы емдеу әдістеріне бейім емес вирусты ойлап тапты. Күтілгендей, триллер қағидасына сәйкес, инфекция жасаушылардың бақылауынан шығып, босап кетті.

«Ең қорқыныштысы, бұл романда дерт 2020 жылы пайда болады және вирус «Ухань-400» деп аталады, ол зертхана орналасқан қаланың құрметіне қойылған» деп жазады South China Morning Post. «Бұл қалай?» деген сұраққа басылым «жазушылар мен журналистер болашақты болжай біледі» деп жауап беріпті.

«Қараңғылықтың көзінде» қайғыға батқан ана Кристина Эванс өзінің ұлы Дэннидің лагерьде қайтыс болғанын немесе тірі екенін білмек болып жолға шығады. Ақыр соңында, ол оны құпия әскери мекемеде кездестіреді. Оны Уханьдағы ғылыми-зерттеу орталығында жасанды микроорганизмдер жұқтырғаннан кейін ұстайды.

Тарихтағы үрейлі параллельдерге тек індет Уханьда басталғаннан ғана емес, сонымен қатар, микробиология институтының Уханьда орналасқандығы, оның аумағында биологиялық қаруды әзірлеуге қатысатын жабық зертхана бар екендігі де қосылды.

Автор кез келген адам Amazon-да сатып ала алатын романдағы инфекцияны «тамаша қару» деп сипаттайды және оның қасиеттері бойынша қазіргі коронавирусқа өте ұқсас. Мұндай инфекция тек адамдарға қауіпті және жануарларға жұқпайды. Сонымен қатар, романда ол адам денесінен бір минуттан артық өмір сүре алмайды. Ал іс жүзінде вирус ұзақ өмір сүреді.

Кітапқа сәйкес, мұндай вирус арнайы жасалған – вирус жұқтырған аймақтың тұрғындары жойылғаннан кейін биологиялық қаруды жасаушылар оны бірден жоя алады. Қытай басылымдары «Қараңғылықтың көзін» қайта басуға талпынып жатқан баспалардың саны күрт өсіп келе жатқанын жазып жатыр.