03.03.2020, 15:40

Коронавирус жұқтырудың алғашқы оқиғасы Украинада тіркелді

Бұған дейін хабарлағандай, бүгінге дейін әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны – 90 936 адам.

Украинадағы зертханада Covid-19 коронавирусын жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді. Бұл туралы 3 наурызда өткен брифингте Украина денсаулық сақтау министрінің орынбасары Виктор Ляшко мәлім етті, деп хабарлайды Укринформ.

Коронавирус жұқтырудың алғашқы оқиғасы Черновцыда тіркелді.

Бұған дейін хабарлағандай, бүгінге дейін әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны – 90 936 адам. Аурудан көз жұмғандар 3117 адамға жетті. Вирус жұқтыру саны бойынша Қытай көш бастап тұр. Қытайда коронавирус жұқтырғандар – 80 151. Оңтүстік Кореяда 812 оқиға тіркелген, Италияда – 2 036, Иранда – 1 501. Вирустан қайтыс болғандар саны бойынша Қытайдан кейінгі ел - Иран. 66 адам Иранда індеттен көз жұмған. Италияда - 52, Оңтүстік Кореяда 28 адам инфекция салдарынан көз жұмған.

 

Тегтер: коронавирус