13.03.2020, 12:20

«Уханьға коронавирусты АҚШ әскері әкелген болуы мүмкін» - Қытайдың СІМ өкілі

Фото: pixabay.com
Коронавирус жұқтырғандардың саны қанша?

 Қытайдың СІМ өкілі коронавирусты Ухань қаласына АҚШ әскерлері әкелген деген болжам айтты. Бұл туралы Чжао Лицзянь бейсенбі күні өзінің Twitter парақшасына жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz. 

 "Қашан америкалықтар алғаш рет коронавирусты жұқтырды? Коронавирус жұқтырғандардың саны қанша? Ауруханалардың аты қандай? АҚШ әскерлері Ухань қаласына эпидемияны әкелген болуы мүмкін. Ашық әрі шынайы болыңыздар! Мәліметтерді ашық көрсетіңіздер! АҚШ түсіндіруге міндетті", - деп жазды Қытайдың СІМ өкілі.