Осы аптада Германияның ең ірі таблоидтық газеті Bild Германияға Бейжің 149 миллиард еуро төлем төлеу керектігін жазған, деп хабарлайды qamshy.kz.
Бұл тізімде туризмнен жоғалған табыс үшін 27 миллиард еуро, неміс киноиндустриясы үшін 7,2 миллиард еуро, неміс Lufthansa әуе компаниясына сағатына 1 миллион еуро және неміс шағын бизнес кәсіпорындары үшін 50 миллиард еуро ақы бар.
«Қытай бізге қанша қарыз?» деген тақырыппен Bild есептеуі бойынша, егер Германияның ІЖӨ 4,2 пайызға төмендейтін болса, бұл әр неміс азаматы үшін 1 784 еуроны құрайды. Қытай бұл фактураны «ксенофобия мен ұлтшылдықты қоздырады» деп жауап берді.
Bild-дің бас редакторы Джулиан Рейхельт бұл сынды жоққа шығарып: «Біз газетімізде «коронавирустың бүкіл әлемге келтіріп жатқан экономикалық залалы үшін Қытай төлем төлеуі керек пе?» деп сұрадық. Си Цзиньпин, сіздің үкіметіңіз бен ғалымдарыңыз коронавирустың жұқпалы екенін бұрыннан білуі керек. Бірақ, сіз әлемді қараңғыда қалдырдыңыз...
Батыс зерттеушілері Уханьда не болып жатқанын білуді сұрағанда, сіздің жетекші сарапшыларыңыз жауап берген жоқ. Сіз өзіңізді тым керемет және тым ұлтшыл сезіндіңіз. Бірақ, ол сезіміңіз – ұлттық масқара!» - деген.