11.06.2020, 16:40

80 жастағы ақсақал алғаш рет туу туралы куәлігін алды

Қазір ақсақал зейнетақы ала алмай отыр.

Өзбекстанда Андижан облысы Ходжаабад ауданы тұрғыны, 80 жастағы Обиджон Абдунабиев алғаш рет туу туралы куәлік пен төлқұжат алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Обиджон Абдунабиев 1940 жылы Ходжаабад ауданында дүниеге келген, бірақ осы уақытқа дейін жеке тұлғасын растайтын құжаттары болмаған.

Соның кесірінен қарияның көпжылдық жұмыс өтілі есепке ілінбеген. Қазір ақсақал зейнетақы ала алмай отыр.

Обиджон Абдунабиев 65 жыл бұрын құжаты болғанын, бірақ оны жоғалтып алғанын айтып отыр. Аудан тұрғыны құжатын қайта қалпына келтіруге тырысқанымен, нәтиже шықпаған көрінеді.

"Тексерістер Обиджон Абдунабиевтің үйде туғанын, әкесі 1942 жылы соғысқа аттанып, 1943 жылы майдан алаңында қаза тапқанын растап отыр. Сол үшін оған туу туралы куәлік берілмей қалған", - делінген хабарламада. 

Тегтер: ақсақал